Ғалымдар алып дельфиннің бас сүйегін тапты
Перуде ғалымдар Амазонка өзенінде мекен еткен дельфиннің бас сүйегін тапты.
Алып жануардың ұзындығы 3-3,5 метр шамалас, автобустың көлеміндей. Зерттеуге сәйкес дельфин 16 млн жыл бұрын тіршілік еткен болуы мүмкін. Олар: «бұл жаңалық дельфиндер эволюциясымен кеңірек танысуға мүмкіндік берді», – дейді. Енді жергілікті ғалымдар Амазонканы мекен еткен басқа да тіршілік иелерін зерттеуді жоспарлап отыр.
Родолфо Салас, палеонтолог:
- Біз бұл экспедицияны 2018 жылы жасап, үлкен ғылыми жаңалық аштық. Ежелгі жануарды «Пебанист Якурун» деп атадық. Бұрын бұл дельфиндер Амазонкада да, Үндістанда да тіршілік еткен. Кейін Амазонкада жойылып кетті.