8 жүк көлігі Газаға бағыт алды
Израильден Газаға қарай гуманитарлық көмек тиелген 8 жүк көлігі бағыт алды.
Бұл туралы Израиль билігі хабарлады. Олар аймаққа жүктерді кіргізуге шектеу қойылмағанын айтады. Әуе және теңіз арқылы өңірге тәулігіне 30-ға жуық жүк жеткізіліп жатыр, – дейді. Бірақ бұған дейін халықаралық ұйымдар Израиль тарапы өңірге азық-түлік пен дәрі-дәрмек алып кіруге кедергі келтіріп отырғанын талай рет мәлімдеген. Салдарынан Газаның 70% халқы аштықтан зардап шегіп отыр.
Моше Тетро, Израиль Қорғаныс министрлігінің өкілі:
- Біздің тарапымыздан Газаға гуманитарлық көмек кіргізуге ешқандай тыйым да, шектеу де жоқ. Сараптамамыз бойынша қазір аймаққа аштық қаупі төніп тұрған жоқ. Өйткені гуманитарлық көмек күделікті жеткізіліп жатыр. Барлық жүк көліктеріне аймаққа кіруге рұқсат етілген.