Оңтүстік Кореяда Наурыз мейрамы тойланып жатыр. LIVE

Наурыз мейрамын Оңтүстік Кореядағы қандастармыз да тойлап жатыр.

Олар бүгін сол аймақтағы жалғыз қазақ мейрамханасында жиналды. 

Владислав Цой, тілші:

- Қазір Кореяда тұрып жатқан қазақтардың көбі Рамазан айында ораза ұстап жүр. Сондықтан Наурызды тойлау жергілікті уақытымен 18-45-те ауызашармен басталды. Осында тұратын және жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары Енсан ауылындағы Шырайлы Шымкент кафесіне жиналып, наурыз көже ішіп, қазақ тағамдарынан дәм татты. Шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Пусан қаласындағы Қазақстанның бас консулдығы мерекеге қатысушылардың барлығына қазақтың ұлттық киімдерін таратты. Қандастармен бас консулымыз Аян Қашабаев мырза кездесті. Естеріңізге сала кетейін Пусан қаласындағы еліміздің бас консулдығы екі жыл бұрын ашылған. Сол уақыттан бастап осы аймақтағы тұрғындар қазақ мәдениетін жақын танып, біле бастады.