Мәскеуде белгісіз біреулер атыс ашты

Мәскеудің Crocus City Hall концерт залында белгісіз біреулер атыс ашты.

Соның салдарынан 15 адам көз жұмды. Ондағаны жарақат алған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, камуфляж киген 3 адам концертке келгендерге автоматтан оқ жаудырған. Қазір ғимарат ішіндегі жұрт жаппай эвакуацияланып жатыр. Оқиға орнына арнайы жасақ қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы аттанды.