Мәскеуде лаңкестерді іздестіру жүріп жатыр

Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында Крокус Сити холл ғимаратына лаңкестер басып кіріп, атыс шығарды.

Концертте алты мыңнан астам адам болған.  Қайырлы оқиғадан кем дегенде 60 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды.

Лаңкестер Крокус сити холл ғимаратында оқ жаудырған. Шабуыл кешкі сағат сегіз шамасында басталды. Бес адамның оқ атқаны хабарланды. Кемінде екі жарылыс естілді дейді куәгерлер. Нәтижесінде ғимараттан өрт шықты.

Дана Нұржан, тілші:

- Өрттің жалпы аумағы 13 мың шаршы метр. Қызыл жалынды сөндіруге 300 ден астам адам жұмылдырылды. Айта кетейін, бұл Мәскеудегі ең үлкен концерттік зал. Сыйымдылығы 7 мың адам. Және осы кешке барлық билеттер сатылған болатын. Құқық қорғаушылар қазір аумақты қоршауға алды. Қаскөйлерді іздеу жұмысы жалғасуда. Олар оқиға орнынан қашып кеткен деген дерек тарады. Қанша терорист шабуыл жасағаны әзірге белгісіз.

Крокус сити аумағында жылжымалы басқару орталығы жұмыс істей бастады. Арнайы штаб оқиға орнында орналасты.

Игорь, волонтер:

- Мен мұнда көмек көрсету үшін ерікті ретінде келдім. Қызыл жейде киген жігіттеріміздің барлығы еріктілер. Елу адам жиналды. Олар өзімен бірге жедел жәрдем үшін қажет нәрселерді алып келді. 

Дана Нұржан, тілші:

- Мәскеуде осы демалыс күндері театр мен мұражайлар жабылатын болды. Қайғылы оқиғаға байланысты өзге өңірлерде ойын-сауық бағдарламаларға шектеу қойылды.

Дана Нұржан, Шахзод Гамиров