Мәскеудегі теракт құрбандарының саны артуы мүмкін

Мәскеудегі терактіге қатысты тергеу жалғасуда.

Ірі концерттік залдардың бірінде болған лаңкесатік әрекеттен соңғы мәліметтер бойынша алпыстан астам адам қаза тауып, 115-і ауруханаға жеткізілді.  Ғимарат өртке оранып, төбесі опырылып түскен деген ақпар бар.

Дана Нұржан, тілші:

- Crocus City Hall ғимаратындағы өрт таңғы сағат төртке дейін жалғасты. Болжам бойынша, онда жалын лаңкестердің Молотов коктейльдерін қолданудан шыққан болуы мүмкін. Қазір ғимарат іші үйінділерден тазартылуда. Тергеу комитетінің мәліметінше, атыс салдарынан 60 адам қаза тапқан. Бірақ олардың саны одан да көп болуы мүмкін. Өйткені Мәскеу ауруханаларында жарақат алған 115 адам емделіп жатыр. Олардық ішінде алпыс ересек пен бір баланың жағдайы ауыр. Кейбір ақпарат құралдары шабуылды ДАИШ лаңкестік ұйымы өз мойнына алды деп жазған еді. Бірақ кейін бұл ақпарат жалған болып шықты. Тергеу комитетінің өкілі лаңкестерді тауып, олардың жеке басын анықтау мүмкін болды ма деген сұраққа «әзірше бұл тұралы айту ерте» деп жауап берді. Сонымен қатар ол зардап шеккендердің бірінен жарылғыш зат табылды деген ақпаратты да жоққа шығарды. Қазірде бүкіл ел бойынша ойын-сауық шаралары тоқтатылды. Ресей астанасында Қызыл алаң жабылды.