Газаға кіретін жаңа гуманитарлық пункт ашылды

Израиль Газа секторына гуманитарлық көмек кіретін жаңа пункт ашты.

Біріккен ұлттар ұйымының тоқтаусыз дыбылынан кейін осындай шешімге келген. Израиль әскерлерінің айтуынша, өткізу пунктінен күн сайын 140-тан астам жүк көлігі өтеді. Осыған дейін халықаралық ұйымдар мен өзге де көмек жөнелтуші елдер, қажет заттарды әуе арқылы жерге жүк тасталған еді. Бірақ ол тиімсіз болды.

БҰҰ Бас хатшысы Египетке келді

Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Египетке эвакуацияланған ауыр халдегі палестиналықтардың жағдайын білу үшін,, Эль-Ариш қаласына арнайы келіп, ауруханаларды аралады. Мысыр мен Газа шекарасындағы Рафах бақылау-өткізу пунктінде көпшілік алдында мәлімдеме жасап, Газадағы аштық мәселесін тағы бір мәрте сөз етті.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Газадағы ахуал трагедияға айналды. Шекараның бер жағында жеткізілмей жүктер тұр, ал шекараның аржағында көмекке мұқтаж адам қаншама. Кез келген бөгет, тосқауыл орны толмас шығын келтіріп жатыр. Бұл қақтығыс дереу тоқтауға тиіс.

Газада азық-түлік бағасы шарықтап тұр

Газада азық-түлік бағасы аспандап кеткен. Өсімдік майының литрі бұрын 4 фунт стерлинг болса, қазір 13 фунт стерлинг тұрады. Пияз 50, ал асжапырақ 25 есе қымбаттаған. Бұл туралы британдық гуманитарлық ұйым сарапшылары мәлімдеді. Олар «бұл халықты екі есе шығынға ұшыратып отыр» дейді.