Бүгін - Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні

Халық Мәскеудегі "Крокус сити холл" концерт залындағы лаңкестік әрекеттің құрбандарын еске алып, рухтарына тағзым етіп жатыр.

Барлық мемлекеттік органдарда ту түсіріліп, салтанатты іс-ашаралар тоқтатылған. 22-ші наурыз күні бір топ қарулы адам аталған ғимаратқа кіріп, жиналған жұртқа оқ жаудырған. Соңғы мәлімет бойынша шабуылдан 133 адам көз жұмып, тағы 145 кісі жараланды. Ресей тергеу комитеті террорлық актіге қатысы бар 11 күдіктіні ұстағанын хабарлады. Тергеу жалғасып жатыр.