«Крокустағы» теракт: күдіктілерге айып тағылды

22 наурыз күні Мәскеу түбіндегі «Крокус Сити Холл» концерт залына шабуыл жасады деген 4 күдікті 2 айға қамауға алынды.

Мәскеудегі Басман соты оларға терроризм жасады деген айып тақты. Олар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдіктілердің екеуі қылмысын толықтай мойындап отыр. Сот жабық режимде өтіп жатыр.

Естеріңізде болса, бұған дейін аталған лаңкестік шабуыл бойынша 11 адамның ұсталғаны хабарланған еді. Бәрінің ісі сотқа түсті. Алдағы уақытта оларға да айып тағылады.