Нигерияда тұтқынға алынған балалар босатылды
Нигерияда тұтқынға алынған 100-ден аса адам босатылды.
Көбі балалар. Арасында мектеп мұғалімдері де бар. Рейтер агенттігінің жазуынша, кепілдікке алынған адамдарды босату операциясына Нигерия әскері мен қауіпсіздік қызметі қатысқан. Айта кетейін, 7 наурыз күні ондаған адамнан құралған қарулы топ Нигерияның Курига елді мекеніндегі мектепке шабуыл жасап, 300-ге жуық оқушыны тұтқынға алды. Кейін олар үшін 690 мың доллар талап етті.