Ресейде 100 көпір мен 50 жолды су шайып кетті
Ресейдің 22 өңірін су басты.
130-ға жуық үй мен 2 мыңдай жер телімі бүлінген. 100 көпір мен 50 жолды су шайып кеткен. Әсіресе Алтай өлкесінде зақымданған ғимарат көп. Эвакуацияланған тұрғындар арнайы орындарға орналастырылып жатыр. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Орынбор облысында қосалқы электр станциясын су басқан. Саратов облысында биыл қардың көп түсуінен апатты жағдай қалыптасты. Өңірде 24 өзен тасыды. Жергілікті қоймалардың су деңгейі қалыпты межеден 126%-ке жоғары боп тұр. Новосібір облысында жолдарды су шайып кеткен. Ульяновск облысында биыл қыста қар әдеттегіден көп жауып, 20 елді мекенді су басып жатыр.