Мадагаскарда тұрғындар белуардан су кешіп жүр
Мадагаскар тропикалық дауыл салдарымен күресіп жатыр.
Мұнда дүлей дауыл ойран салып, соңы тасқынға ұласқан. Соңғы мәлімет бойынша 18 адам опат болды. 20 мың тұрғын үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. Жұрт белуардан су кешіп, қайықпен қатынауға мәжбүр. Бүлінген үй мен жолда есеп жоқ.
Жалпы Мадагаскарда жыл сайын 40 шақты тропикалық дауыл болады. Бірақ мамандар бұл жолғысы Үнді мұхитындағы аралдық мемлекетті айналып өтеді деп пайымдаған. Бірақ болжамдары расталмай, тұрғындар күтпеген жағдайға тап болды.