Түркияда сайлаудағы жеңісін тойлаған саясаткер қаза тапты
Түркияның Денизли провинциясы Тавас ауданында Республикалық халық партиясы ғимаратының балконы опырылып, бір кісі қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ.
Тағы 17 адам жарақат алды. Олардың 4-еуінің жағдайы ауыр. Оқиға муниципалды сайлау күні болған. Саяси доданың нәтижесіне қуанған жұрт балконға шығып, сырттағы тұрғындармен тілдесіп тұрған. Ондаған адамның салмағына төтеп бере алмаған балкон опырылып құлап, үйінді астында адамдар қалып қойған. Қаза тапқан кісі – ауданда жеңіске жеткен Республикалық халық партиясының Тавас аудандық басқармасының мүшесі Мехмет Палаз.
Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні Түркияда муниципалды сайлау өткен болатын.
Али Осман Хорзум, Републикалық халық партиясы денизли жетекшісі:
- Жеңіспен бірге қайғылы жағдай қатар келді. Провинциямыздағы партия жетекшісінің орынбасары Мехмет Палаз ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Отбасына қайғырып көңіл айтамын.