Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты өзгере ме?

Лаңкестік қаупі жоғары болса да, Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатының бағдарламасы өзгермейді.

Франция билігі осылай деп отыр.

Айтуларынша, алаңдауға негіз жоқ. 26 шілдеде өтетін салтанатты шара кезінде қауіпсіздік шаралары күштейтіледі. Бұл күні 45 мың полицей күзет етеді.

Ресейдің "Крокус Сити Холл" концерт залындағы шабуылдан кейін Францияда лаңкестік қаупінің жоғары деңгейі жарияланған. Дүбірлі дода кезінде франуз күштік құрылым өкілдеріне неміс әріптестерінің көмектесетіні белгілі болды. Бірақ соның өзінде жергілікті жұрт амандығына алаңдайтынын жасырмайды.

БЛИЦ:

- 2015 жылы Париждегі "Батаклан" концерт залына шабуыл жасалғанын бәрі біледі. Ресейдегі лаңкестік сол оқиғаларды қайта еске салды. Әрине, үрей бар. Ашылу салтанатына миллионнан аса адам келеді деп естігем.

- Меніңше, Франция билігі мұндай ірі шара кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайын емес. Сондықтан қорқамын.