Әлемде кофе қымбаттады
Баға соңғы 16 жылда болмаған деңгейге өскен.
Блумберг басылымының хабарлауынша, қазір робуста сұрпының бір тоннасы 3800 доллардан саудаланып жатыр екен. Мұндай жағдайға кофе тапшылығына қатысты қауіп себеп болды, – дейді мамандар. Мәселен, әлемдегі ең ірі кофе өндіруші ел саналатын Вьетнамда құрғақшылық қысты. Судың жоқтығынан өнім аз жиналуы мүмкін. Күзде кофе экспорты азаяды деген қауіп бар.