Ресейдің 36 өңірі су астында қалды
Ресейде қарғын су басқан өңірлер саны 36-ға жетті, деп хабарлайды 24KZ.
Бірнешеуінде төтенше жағдай режимі жарияланған. Қолда бар мәлімет бойынша осы уақытқа дейін Орынбор облысында 1100 үйге су кірген. 2 мыңнан аса адам эвакуацияланған. Жергілікті тұрғындар мұндай жағдай аймақта бірнеше жыл болмағанын айтады. Қазір құтқарушылар құм салынған қапшықтардан бөгет салып, су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алтайда 500-дей үйді су басқан. Синоптиктердің сөзінше, алдағы күндері аймақта ауа температурасы көтеріледі. Салдарынан ахуал ушыға түседі деген қауіп бар. Ал Самара облысында 9 аудан су астында қалған. Осыған байланысты 500 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.