Орсктегі су тасқынынан 4 адам опат болды

Орск қаласындағы су тасқыны кезінде 4 адам опат болды.

Тағы зардап шеккен 711 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде 210-ы бала. Ресми мәлімет бойынша, 230 мың тұрғыны бар қаладағы 2500 үйді су шайып кеткен. Айта кетейік, Орынбор облысы Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан. Мұнда Жайық өзенінің суы күрт көтеріліп, 10 жыл бұрын салынған бөгет бұзылды. Мұндай су тасқыны соңғы 100 жылда тіркелмеген.

Орскте екінші су бөгеті жарылды

Бұл аздай Орскте тағы бір су бөгеті жарылды. Апат салдарымен күресу үшін,, 600 мың маман, 160 техника, 70 қайық пен 13 дрон жұмылдырылған. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, алдағы 2 аптада жағдай бұдан да ушыға түсуі мүмкін.