Мәскеу төңірегін су басты
Мәскеу қаласына жақын мекендердегі 906 учаскені су шайып кетті, деп хабарлайды 24KZ.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өңірде кейінгі 3 жылдан бері көктемде тасқын қайталанып келеді. Бірақ бұл жолы апат салдары ауқымды болып отыр.
Қазір Ресейдің 36 аймағы су тасқынынан зардап шегіп отыр. Барлық өңірлерде табиғи апатпен күреске төтенше жағдайлар қызметінің жүздеген маманы жұмылдырылған.