Орск қаласында ауызсу тапшы
Орынбор облысындағы Орск қаласында таза ауызсу тапшы.
Жергілікті дүкендердің көбінде бөтелкедегі су таусылған. Тұрғындар басқа сауда орындары бағаны көтеріп жібергенін айтады. Қазір мұнда тіршілік нәрі сырттан әкеленіп жатыр. Осы сағатқа дейін 400 тонна су жеткізілген. Бірақ бұл бәріне бірдей жетпей жатыр. Ертеңнен бастап қаладағы сауда орындарына Мәскеу, Қазан мен өзге қалалардан су келуі тиіс. Айта кеткен жөн, 5-сәуірде Орск қаласында дамба жарылып, 4 жарым мың үйге су кірген. Мыңнан аса адам эвакуацияланды.