Су тасқыны Қытайда да ырық бермей тұр
Қытайдың Гуандун провинциясында төпелеп жауған нөсерден өзендер тасып, бірнеше қаланы су басты.
Жергілікті билік өкілдері таратқан ақпар бойынша, Цинъюа́ньда тасқын ағаштарды тамырымен жұлып, бірнеше көлікті шайып әкеткен. Ондаған ғимаратқа су кірген. Ал Фошаньда көлік қозғалысы тоқтаған.
Қазір провинция аумағында тасқынға қарсы жедел әрекет етудің 4 деңгейі жарияланған. Сенбі күні ғана Қытайдың Гуандунға көршілес Гуанси провинциясында су тасқыны жүрген еді.