Орынборда жағдай қашан оңалады?
Ресейдің Орынбор облысындағы су тасқыны 10 сәуірде шарықтау шегіне жетеді.
Бұл туралы өңір басшысы мәлімдеді.
Оның айтуынша, мұндай қорытынды синоптиктердің болжамына негізделіп жасалған. Ал аймақтағы ахуал 20 сәуірден кейін тұрақтала бастауы мүмкін.
Қазір Орынбор облысы бойынша төтенше жағдай режимі жарияланған. Себебі, Жайық өзені суының көтерілуі басылмай, оның деңгейі қауіпті межеге тақаған. Жалпы, бүгінге дейін өңірде 10 мыңнан астам үйді су басқаны белгілі. Халық жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.