Парниктік газ мөлшері рекордтық деңгейге жетті
Жер атмосферасында парниктік газ мөлшері рекордтық деңгейге жетті.
Бұл туралы АҚШ-тың Мұхит және атмосфералық зерттеулер ұлттық басқармасы хабарлады.
Аталған ұйымның баяндамасына сәйкес, бүгінде атмосферадағы көмірқышқыл газының көлемі 4 миллион жыл бұрынғы көрсеткішпен бірдей.
Айта өтейін, ауаға тарап жатқан зиянды қалдықтар жаһандық жылынудың негізгі себебі саналады. Өрт, құрғақшылық, су тасқыны секілді табиғи апаттардың жер бетінде жиілеуі де сондықтан. Мәселен, тек өткен жылдың өзінде осындай климаттық катаклизмдерден әлем елдеріне 250 миллиард доллар шығын келген.