Жайық жуасып, Тобыл тулап барады

Орск қаласында Жайық өзенінің деңгейі төмендеді. Кейінгі бір тәулікте ондағы су 9 сантиметрге түскен.

Гидробекеттерде үздіксіз мониторинг жүргізіп отырған мамандар осылай дейді.

Айта кетейін, төтенше жағдай қызметкерлері облыстағы қауіпті аймақтарды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр.

Ал Ресейдің Қорған облысындағы Звериноголовский ауданында ахуал, керісінше ушығып барады.

Өңір басшысының айтуынша, соңғы 2 сағатта су деңгейі тағы 74 сантиметрге көтеріліп, жалпы көрсеткіш 735 сантиметрге жеткен.

Ал біздің елдің шекарасынан 12 шақырым жерде орналасқан Введенское бекетінде су 10 метр 75 сантиметрге дейін жеткен. Бір тәулік бұрын ғана Звериноголовскте Тобыл өзенінің деңгейі 660 сантиметр шамасында болатын.