Испанияда сәуірде аптап ыстық тіркелді
Испанияда сәуірде күн ысып, бұрын-соңды болмаған аптап тіркелді.
Елдің кей аймақтары мен Канар аралдарында сынап бағанасы +38 градусқа дейін жеткен. Қатты ыстықтан бірнеше елді мекенге жақын ормандар өртеніп, тұрғындардың зәресін қашырған. Мамандар мұндай аптап ыстық әдетте жаз айларында болатын деп таңданып отыр. Көрші Португалияда да дәл осындай жағдай байқалған. Онда температура +30 градусқа жеткен.
Рубен Дель Кампо, Испания ауа райы агенттігінің өкілі:
- Қазір мұндай аномальды ауа райы әлемнің көп елінде байқалып отыр. Ауа температурасының бұлай көтерілуіне Эль-Ниньо сияқты табиғи құбылыстан бөлек, климаттық өзгерістер әсер етіп жатыр.