Ресейдің Қорған қаласында су басу қаупі күшейді
Ресейдің Қорған қаласында Тобыл өзенінің оң жақ жағалауындағы аудандарды су басу қаупі күшейді, деп хабарлайды 24KZ.
Себебі сарқыраған өзен соңғы бірнеше сағатта 20 см-ге көтеріліп, 5 метрге жеткен. Мамандар: «оның деңгейі тағы 1 метрге жоғарыласа, аталған аудандар суға кетеді», – деп отыр. Қазір қала тұрғындарын электр қуаты мен газдан ажырату қарастырылып жатыр. Су басу қаупі төнген жерлерде құтқару бригадалары жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін аймақта 12 елді мекенде тасқын жүріп, 3 мыңға жуық тұрғын үй мен 5 мыңдай учаскені су басты. 1500-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.