Испанияда орман өртеніп жатыр
Испанияның Аликанте провинциясында орман өртеніп жатыр.
Қауіпті аймақтан 200-ден аса тұрғын эвакуацияланды. Қызыл жалынды сөндіруге жүздеген маман, ондаған техника мен әскери ұшақ тартылған. Бірақ соған қарамастан тілсіз жауды ауыздықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Сарапшылардың сөзінше, орман өртіне аймақтағы құрғақшылық себеп. Жергілікті синоптиктер биыл елдегі ауа температурасы былтырғы көрсеткіштен 10 градусқа жоғары болып тұрғанын айтады.