Индонезияда лай көшкінінен 15 адам көз жұмды
Индонезияның Сулавеси аралында толассыз жаңбырдан лай көшкіні жүріп, 15 адам опат болды.
Ондаған үй қирады. Екі азамат із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге лай көшкінінен келген шығын көлемі белгісіз.