Орск тұрғындары үйлеріне қайтып жатыр
Дамба жарылып, су басқан Орск тұрғындары үйлеріне оралып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Мұнда 16 уақытша орталық ашылған. Енді соның жартысы жабылады. Қалғандарында әлі 700-ге жуық адам бар. Ал онлайн оқуға көшірілген балалар мектепке оралып жатыр. 10 шақты күн бұрын мұнда бөгет жарылған еді. Салдарынан 7 мың үйді су басқан. Қазір қалада табиғат апатынан келтірілген шығын көлемін анықтау үшін арнайы комиссиялар жұмыс істеп жатыр. Соның қорытындысы негізінде зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төленеді. Алдын ала мәлімет бойынша Орскте бүлінген ғимараттардың өзінен келтірілген шығын 21 миллиард рубльден асуы мүмкін.