Ауғанстанда тасқын 33 адамның өмірін қиды
Ауғанстанда нөсер соңы тасқынға ұласып, 33 адам опат болды.
Тағы 30-ға жуығы жарақат алған. Шаруалар шығынға батқандарын айтады. Өйткені 800 гектар егіс алқабы бүлінген. Жүздеген баспана тұруға жарамсыз боп қалды. Ал мамандардың болжамы көңіл көншітпейді. Олар алдағы күндері елдің көп бөлігінде жаңбыр жауатынын айтады.
Осы Ауғанстанмен көршілес Пәкістанда да нөсер толастамай тұр. Осыған байланысты елдің оңтүстік-батысында төтенше жағдай жарияланды.
Башир Ахмад, Герат қаласының тұрғыны:
- Биліктен қайыр жоқ. Олар тасқын салдарын жойып, бәрін қалпына келтіре алмайды. Сондықтан бізге халықаралық ұйымдар мен өзге елдер көмектессе екен.