Дубай көшелерін су басты
Дубайда қатты нөсер жауып, салдарынан көшелерді су басты.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жергілікті білім беру мекемелері онлайн оқуға көшкен. Мемлекеттік қызметкерлерге де қашықтан жұмыс істеуге кеңес берілді. Әуежайда бірқатар рейс кейінге шегерілген. Бүгінге жоспарланған футбол ойындары да өтпейтін болды. Ал мамандар жаңбыр әлі басылмайтынын айтады. Осы Біріккен Араб Әмірліктерімен көршілес Оманда нөсер соңы тасқынға ұласып, 20-ға жуық адам опат болды.