Баян-Өлгейлік балалар көмек жолдады

Баян-Өлгейлік кішкентайлар қазақстандықтармен бірге.

Олар маңғолиялықтарды Қазақстандағы су апатынан зардап шеккен адамдарға қол ұшын созуға шақырды. Оқушылар тәтті-дәмдіге жұмсайтын ақшаларын қазақстандық достарына көмекке аударатынын айтып, 200 мың маңғол түгрігін жинаған. 

«ҚР кейбір өңірлерінде су тасқыны болып жатыр. Қазақ халқы басына іс түссе бір біріне көтеретін бауырмал жандар. Маңғолиядағы барша ағайындарға Қазақстанға көмектесуге шақырамыз. Біз біргеміз!»