НАСА Айдағы шаң-тозаңнан қорғайтын құрылғы жасап шығарды

Швейцариялық студенттер тартылыс күші өте төмен жағдайда қозғала алатын робот ойлап тапты.

Ал НАСА ғалымдары ғарышкерлер мен құрал-жабдықты Айдың шаң-тозаңынан қорғайтын арнайы электр құрылғы жасап жатыр. Ғарышты игеруге арналған ауқымды жобалар туралы тілшімізден білейік.

Бұл "Спирит". Мамандар роботты Айда өз бетімен әрекет етуге икемдеп жатыр. Ол ғаламшар бедерін сезінуге қауқарлы. "Спирит" бұған дейін Калифорнияның құмды жағасы мен Орегондағы тауларда жүріп, біраз машықтанған еді. НАСА көбірек робот өндіру үшін 2 млн доллар көлемінде грант бөлді. Мақсат Айға бір топ құлтемір жіберу.

Фейфей Цянь, электротехника және компьютерлік инженерия профессорының ассистенті:

"Біз бұл роботтар ғалымдар үшін көмекші болса дейміз. Мұндай жұмыс алғаш рет қолға алынып отыр. Робот өздігінен қозғалып және қадам басқан сайын жаңа ақпарат жинауға тиіс." 

Швейцариялық студенттер адам сияқты секіретін "Спэйс Хуппер" есімді робот жасап шығарды. Салмағы 5 келіден аспайды. Ұзақ қашықтыққа секіруге қолайлы болу үшін ол 3 аяқты етіп жасалған. 

Филипп Арм, студент:

"Бұл робот мысық сияқты. Қалай секірсе де, жерге аяғымен түседі. Бұдан оған еш зиян келмейді. Секіре жүріп, біраз жұмыс атқарады."

YOUTUBE.COM/NASAKENNEDY

Айдағы адам үшін шаң-тозаң үлкен қауіп төндіреді. Ол ғарышкердің киіміне жабысып немесе саңылаудан кіріп, жүріс-тұрысқа кедергі келтіруі мүмкін. Ғалымдар шаң-тозаңды кері серпитін әдіс ойлап тапқан. Мамандар оны "көзге көрінбейтін сыпырғыш" деп айтады.

Ернат Мелсұлы, Жанна Құсайынова