Пәкістанда су тасқынынан 76 адам қаза тапты
Пәкістанда су тасқыны халықты әбден әбігерге салды.
Әсіресе Белуджистан мен Хайбер-Пахтунхвадағы жағдай күрделі. Өңірде опат болған адам саны 70-тен асты. Тағы 50 адам ауыр жарақат алды. 600-ге жуық үй қирап, мыңдаған егістік алқаптары бүлінді. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Дегенмен мамандар қауіп әлі күшейетінін ескертті.