Сеулде ашық аспан астындағы кітапхана ашылды
Оңтүстік Корея астанасындағы көпшілікке танымал жерлерде тұрғындарға мындаған кітап ұсынылды.
Оқырмандар арасында қандай шығармалар танымал?
Сеулде «Ашық аспан астындағы кітапхана» іс-шарасы осымен 3-ші жыл қатарынан өтіп жатыр. Бұл маусымның ерекшелігі - кітапты туристер арасында танымал 3 жерде – Кванхвамун алаңында, Сеул мэриясы алдында және Чонгечон бұлағы маңында оқуға болады.
Владислав Цой, тілші:
- Ашық аспан астындағы үш кітапханада 12 мың кітап қойылған. Бұл негізінен сұранысқа ие және Сеул оқырмандары арасында танымал басылымдар. Кітаптардың желісімен танымал фильмдер мен анимелер түсірілген.
Ку Вон Джи, Сеул тұрғыны:
- Өткен жылы алғаш рет ашық аспан астындағы кітапханаға бардым. Бүгін осында келуді шештім. Көптен бері оқығым келіп жүрген кітабымды таптым. Ол «Йогамен өмір» деп аталады. мен былтыр 60 кітап оқыдым. Биыл оқуға уақыт аз.
Сеулде 200-ге жуық қоғамдық кітапхана бар. Оларға күніне 2 мыңға жуық адам келеді. Бұл коронавирус пандемиясына дейінгі көрсеткіштен әлдеқайда аз. Ашық аспан астындағы кітапхана – тұрғындарды кітап оқуға тарту әрекеті.
О Джи Ын, Сеул орталық кітапханасының директоры:
- Тұрғындарға қызықты болу үшін осындай кеңістік ұйымдастырдық. Бұл жай ғана тыныш жер емес, сонымен қатар музыка ойнап, қойылымдар өтетін жайлы орын. Мұнда балалармен бірге келуге болады, өйткені ашық аспан астындағы оқу залының ортасында балалар ойын алаңы бар.
Ашық аспан астындағы кітапхана бейсенбіден жексенбіге дейін жұмыс істейді. Мұнда оқырмандар үшін концерттер мен жәрмеңкелер ұйымдастырылған. Ал көшеде кітап оқу маусымы қараша айының басына дейін жалғасады.
Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян