Канар аралдарының халқы туристерге қарсы шықты
Канар аралдарының тұрғындары туристерге қарсы.
Жергілікті жұрт сырттан келгендерден мезі болғанын айтып, ереуіл ұйымдастырды. Олар биліктен жаңа қонақ үйлердің құрылысын тоқтатуды талап етіп отыр. Демалушылардың көптігі экономикалық жағынан да, экологиялық жағынан да тиімсіз. Өйткені баспана бағасы шарықтап кеткен. Ашуға булыққан жұрт круиздік лайнерлер мен көліктің көптігінен, ауа да ластанып жатқанын айтады. Канар аралдары Каталониядан кейін Испанияның туристер арасында, ең танымал өңірі саналады. 2 миллионнан астам тұрғыны бар аймаққа былтыр 14 миллиондай адам саяхаттап барған.
Даниэль Дуке, ереуілге қатысушы:
"Қайда барсаң да, адам қаптап жүреді. Көп жерде кезекте тұруға мәжбүрміз. Жұмыссыздық белең алып барады. Тұрғындар бұл жағдайдан шаршады."