Газа секторына ауқымды гуманитарлық көмек жеткізілді
Газа секторына кіретін гуманитарлық көмек көлемі ұлғайды.
Израиль АҚШ қысымынан кейін бірнеше өткізу пунктін ашты. Бұған дейін Израиль Газадағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмекті арттыру үшін қажетті қадамдар жасайтынын мәлімдеген еді. Көмек Газа секторының солтүстік шекарасындағы Ашдод порты мен, Эрез пункті арқылы жеткізіліп жатыр. Соның алғашқысы болып, ұн тиелген 8 жүк көлігі өтті. Бұл өткізу бекеттері, қақтығыс басталғалы жабық болды.