Газаны бомбадан тазартуға 14 жыл уақыт кетеді
Газа Секторындағы үйінділерді аршып, жарылғыш заттарды залалсыздандыру үшін 14 жыл кетуі мүмкін.
БҰҰ-ның өкілдері осылай деп отыр. Олар атыс-шабыстан аймақта 37 миллион тонна қоқыс жиналып қалғанын хабарлайды. Былтыр қазанда басталған қарулы қақтығыстан өңірге 18 жарым миллиард доллар шығын келген. Бұл Палестинаның 2022-жылғы жалпы ішкі өнімінің 97 пайызына пара-пар. Әсіресе тұрғын үй секторына зор залал келген.
Пер Лодхаммар, БҰҰ Залалсыздандыру қызметі жөніндегі аға офицері:
"Қираған нысандардың 65 пайызы - тұрғын үйлер. Бір шаршы метрге 300 келі қоқыстан келеді. Есептеуімізше, оның бәрін тазартып, жүк көліктерімен шығару үшін 14 жыл кетеді."
Күн ыстық, су жоқ
Таяу Шығыс
Қазір Газа Секторында күн күрт ысып, босқындар лагерін паналап жүрген жұрт әбігерге түсті. Ауа температурасы 30 градустан асып кеткен. Ол жылдың бұл мезгілі үшін тән емес жағдай. Жығылғанға жұдырық демекші, жұрт ыстықта сая табу үшін суға түсейін десе, аймақта тіршілік нәрі тапшы.
БЛИЦ
- "Күн ыстық. Таңертеңнен бері су іздеп әлек болдым. БҰҰ-ның мектептеріне бардым. Онда су жоқ. Басқа мекемелерге де сондай жағдай."
- "Мен балаларымды далаға алып шығып, суық сумен жуындырып аламын. Мына ыстыққа әрең шыдам жатырмыз. Шатырдың ішінде жатамыз. Одан күн өтіп кетеді. Тесік-тесіктен шыбын-шіркей кіреді. Жаз басталмай жатып, осылай ыстық болса, кейін не болатынын ойлаудың өзі қорқынышты."