2030 жылы Германияда баспанасыздар болмайды

6 жылдан кейін Германияда баспанасыздар болмайды.

Биліктің алдағы 6 жылға жоспары осындай. Жалпы неміс елінде былтыр баспана бағасы төмендеген. Өйткені ипотекалық несие бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғары болып, үй сатып алушылар азайған. Ал Ұлыбританияда, керісінше, баспаналы боламындар дегендер көп. Тиісінше пәтердің бағасы да өскен.

Баспана бағасы айтарлықтай өсті

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Рас-әл-Хайм қаласында жылжымайтын мүлік бағасы айтарлықтай өсті. Сарапшылар бұл елдегі алғашқы казиноның құрылысымен байланысты екенін айтады. 18,5 мың шаршы метр аумақты алып жатқан нысан әлемдегі ең ірі ойынхананың бірі болмақ. Ол шамамен 2 жылдан кейін бітуі тиіс. Бірақ қазірдің өзінде маңындағы үйлердің бағасы шарықтап кеткен. Екі жыл бұрын екіқабатты пәтерді 100 мың долларға сатып алуға болатын. Казино құрылысы аяқталғанда оның бағасы 50%-ке дейін өседі, – деп болжанып отыр.

 

Ипотека алып жатқандар көп

Ұлыбританияда да баспана қымбаттады. Осы айда баға рекордтық межеге таяп қалған. Наурызда да баға өскен. Бұл әсіресе Солтүстік Ирландия мен Лондонда қатты байқалып отыр. Сарапшылар қазір сұраныс жоғары екенін айтады. Мысалы, ақпанда корольдікте ипотека бойынша рекордтық өтінім  мақұлданған. 

 

2030 жылы Германияда баспанасыздар болмайды

Ал Германияда, керісінше, былтыр жылжымайтын мүлік бағасы күрт төмендеген. Бұл – кейінгі 60 жылда болмаған жағдай. Баспана демекші, Германия үкіметі жаңа жоспарын жария етті. Оған сәйкес 2030 жылға таман елде баспанасыз адам қалмауы тиіс. Қазір ондай жандар саны 400 мыңға жуықтайды. Билік барылғына үй беріп, оларды қоғамда кемсітуге тыйым салмақ. Сондай-ақ медициналық көмектен бастап, цифрлық технологияларды меңгеруіне жағдай жасауды көздеп отыр.

Авторы: Жұлдыз Атагельдиева.