Үндістанда сынап бағанасы 44 градусты көрсетіп тұр
Үндістанға ми қайнатар ыстық келді.
Батыс Бенгалия штатында сынап бағанасы қазір 44 градусты көрсетіп тұр. Калькуттада да осыған ұқсас жағдай. Жергілікті жұрт жаппай сая іздеп, жан сауғалап кеткен. Күннің бұлай құбылуы әсіресе жүрек-қан тамыры ауруы бар азаматтарға қиын соғып тұр. Билік өкілдері халыққа мейлінше сақ болу керегін ескертіп жатыр. Синоптиктер күннің қызуы әлі алда екенін айтады. Биыл ауа температурасы маусым айына дейін әдеттегі нормадан әлдеқайда жоғары болады, – дейді олар.