Кенияда 130 мың адам баспанасыз қалды
Кениядағы су тасқыны кезінде 76 адам опат болды.
Көптеген елді мекендерді су басып, 130 мыңнан астам адам зардап шекті. Әсіресе ел астанасы Найробидегі ахуал күрделі. Топан судан көпірлер қирап, жол-көлік қозғалысы қиындады. Елдегі теміржол мен қоғамдық көлік қызметі тоқтатылды. Синоптиктердің болжамы бойынша жауын-шашын алдағы аптаға дейін жалғасады.