Бразилиядағы босқындар тұрған қонақүйден өрт шықты
Бразилияның Порту-Алегре қаласындағы қонақүйлердің бірінен өрт шықты.
10 адам көз жұмып, тағы 11 адам ауыр жарақат алды. Жергілікті полиция: «өрт қолдан жасалуы мүмкін», – деген ақпарат таратты. Қызыл жалын шыққан нысанда заңсыз мигранттар тұрған. Олардың қонақүй бөлмелерін жалдап тұруға құқы жоқ. Қазір тергеу жұмыстары қатаң жүріп жатыр.