Танзанияда тасқыннан 155 адам қаза тапты
Танзанияда толассыз жауыннан тасқын жүрді.
Соның салдарынан 155 адам көз жұмды. 51 мың үйді су басып, 200 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Ел билігінің хабарлауынша, топан судан әсіресе ел астанасы көп зардап шеккен. Шаһарда бірнеше көпір қирап қалды. Теміржол мен автожолдарды су шайып кетті. Қазір апат аймағында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін ондаған маман жұмылдырылған.