Үндістанда аптап ыстықтан екі адам көз жұмды
Үндістанда аптап ыстықтан 2 адам көз жұмды.
Дәрігерлердің айтуынша, күннің ыстығынан, марқұмдардың қан қысымы көтеріліп кеткен. Қазір елдің бірқатар өңірінде сынап бағанасы 41 градустан асады. Әдетте Үндістанда сәуір кезінде жаңбырлы маусым басталатын. Бірақ жаз келмей жатып, күннің күрт ысуы синоптиктерді алаңдатып отыр. Билік ыстық алдағы аптаға дейін сақталатынын ескертті.