Перуде аза тұту жарияланды

Перуде аза тұту жарияланды

Перуде 3 күндік аза тұту күні жарияланды.

Каджамарка тас жолында автобус аударылып, 25 адам оқиға орнында бақилық болды. Жергілікті полицияның дерегі бойынша 50 жолаушысы бар автобус биіктігі 2 мың метр шатқалға құлдилап, өзенге құлаған. Көз жұмғандардың дені ағыспен ағып кеткен. Қалған 13 адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілді.