Ең көп жұмыс істейтін елдер анықталды

1 мамыр тек біздің елде ғана емес, әлемнің 160-тан астам елінде түрлі мазмұнда аталып өтеді.

Бүгін бірқатар мемлекетте Халықаралық еңбек күні. Алайда бұл күн мерекелік күн емес. Шығу тарихы жұмысшылар ереуілінен басталған. 

Иә, 1890 жылы Парижде өткен ІІ Интернационал конгресінің шешімімен "еңбекшілердің ынтымағы мерекесі" ретінде бекітілді.

Күніне 12 сағат жұмыс істеген америкалықтар, 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, 1886 жылы Чикагода ірі ереуілге шығады. Жұмыскерлердің талабы АҚШ-та біраз жүйені өзгертуге ықпал етеді.

Өткеннен бүгінге оралсақ... Қазір күніне 8 сағат, яғни аптасына 40 сағат жұмыста отырмақ түгілі, бүкіл ғұмырын жұмыста өткізетін елдер де бар. Мәселен, Мавритания, Мысыр, Гамбия елдері аптасына 50 сағаттан артық жұмыс істейді. Ал Бангладеш пен Моңғолияда 48,49 сағаттан.

Ең көп жұмыс істейтін елдер

Мавритания - 54 сағат

Мысыр - 53 сағат

Гамбия - 51 сағат

Бангладеш - 49 сағат

Моңғолия - 48 сағат

Ал керісінше жұмысты аз істеп, жалақысы да мардымды елдер бар. Мәселен, нидерландықтар аптасына 27 сағат қана жұмыста отырады. Кеңсе шаруасына, күніне тек 5 сағатын арнайды. Сондай-ақ, Финляндия, Франция, Ирландия, Данияда жұмыс уақыты 30 сағаттан асады.   

Ең аз жұмыс істейтін елдер

Нидерланд - 27 сағат

Финляндия - 32 сағат

Франция - 35 сағат

Ирландия - 35, 3 сағат

Дания - 37,5 сағат

Әлемдегі ең тығыз жұмыс кестесі

Қазір әлемнің бірқатар мемлекеті 4 апталық жұмыс кестесіне көшеміз деп тыраштанып жатыр. Алайда, аз жұмыс істегісі келмейтін елдер де бар. Мәселен, Қытай, Оңүстік Корея және Жапония. Бұл елдерде "9-9-6" деген, тығыз жұмыс кестесі бар. Яғни таңғы сағат тоғыздан, кешке сағат тоғызға дейін. 6 күн осылай. Себебі жұмыс кестесі, елдің экономикасына сай келуге тиіс. Алайда мұрнынан шаншылып жүрген жапондықтардың мұндай жұмыс кестесінен, өлетін түрі бар. Мәселен, Жапонияда "кароши, кароси" деген ұғым бар. Бұл артық жұмыс жасағаннан болатын өлім. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай өлімнен, жыл сайын әлемде 700 мың адам көз жұматынын анықтады.  

ЦИТАТА:

Егер адам 55 сағаттан артық жұмыс істесе, 35% - инсультке, 17% инфарктқа шалдығады. Аптасына 40, күніне 8 сағаттық жұмыс - ең қалыпты норма.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

Яғни бұл күн әлем елдерінде жұмысшыларды барынша қолдау мақсатында өткізіледі.