Судан халқына аштық төнді
Жағдайдың ушыққаны сонша, ел астанасы Хартумда жұрт жапырақ жей бастаған.
Босқындар лагеріндегі жағдай тіпті нашар. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, әл-Лайт орталығындағы мигранттар топырақты азық етуге көшкен.
Жалпы ресми мәлімет бойынша Суданда 18 миллионға жуық адам ашаршылық зардабын тартып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері елге гуманитарлық көмек жеткізу мәселесін тезірек шешу керегін айтады.