Азияда аптап ыстық орнады
Биыл Азияның көптеген аймақтары тасқынмен қоса аптап ыстықтан зардап шекті.
Қытай мен Пәкістан тасқынға ие бола алмай жатыр. Ал Үндістан, Таиланд, Бангладеште күн жанып тұр.
Күннің ыстығынан, Үндістан мен Бангладеште мектептер жабылып, Таиланд пен Филиппинде тұрғындарға ескерту жарияланды.
Иә, ескертулер жасалып жатыр, дегенмен біраз ел биыл қыстан кейін, жаздың тез басталып кеткеніне дайын емес секілді.
Қазір ми қайнатар ыстықтан, білім, денсаулық жайы ақсап тұр.
Азияда аптап орнады
Филиппин астанасы Манилада мектептер мен университеттер уақытша жабық. Сабақ онлайн-режимде өтеді. Осыған байланысты, мұғалімдер оқушылардың оқу үлгеріміне алаңдап отыр. Өйткені, бұл ел онсызда кейінгі жылдары су тасқыны мен қуаңшылықтан зардап шегіп келеді. Тіпті, халықаралық PISA бағдарламасы, 2022 жылы филиппиндік оқушылардың матемика пәні бойынша деңгейі төмен екенін анықтады. 81 елдің білімін салыстырып, Филиппинді 77-ші орынға жайғастырды. Өйткені, Халықаралық Save the Children балаларды қорғау ұйымының дерегіне сүйенсек, балалар мен жасөспірімдердің организмі ыстық ауа райына шыдамайды.
Ксеркс Кастро, Save the Children ұйымының Филиппиндегі өкілі:
- Балалар күннің ыстығын ересектер сияқты қабылдай алмайды. Оларда ыстық өтіп кеткен кезде, бас ауруы, жүрек айну, құсу, тіпті естен тану сияқты белгілер болады. Денсаулығы дұрыс емес бала, сәйкесінше білімге де дұрыс ден қоя алмайды. Сабақ үлгерімдері нашарлай түседі. Сондықтан, бұл мәселеге ата-аналар да, мұғалімдер де салғырт қарамауы керек.
Кирт Махусай, студент:- Басым жиі айналады. Өзімді әлсіз сезінем. Тамаққа да аса тәбетім жоқ. Қазір сабақты қашықтан оқып жатырмыз. Алайда бұл өте қолайсыз.
Филиппиндегі су қоймасы қаңсып қалды
Филиппинде күннің ысығаны соншалық, су қоймалары қаңсып қалған. Мәселен, Пантабанган су қоймасы. Бұл қала кезінде 300 жылдық тарихы бар, Филиппиннің көне мұрасы болған. Географиялық орналасуына байланысты, 1970 жылдары билік аймаққа дамба салуды шешіп, қала әдейі қиратылады. Тұрғындар жаппай көшіріледі. Сол жылдары алапат су тасқыны келіп, қала түгел су астына қалған еді. Қазір қираған қаланың үйінділері қайтадан жер бетіне шыққан. Өйткені, кейінгі жылдары Филиппинде сынап бағанасы 50 градусқа дейін көтеріліп, елді қуаңшылық жайлады. Қоймадағы судың көлемі 220 метрден 170 метрге дейін кеміген.
Петч Манопавитр, климаттанушы:
- Климаттың өзгеру моделі қазірдің өзінде орташа температураны жылдан жылға көтеріп келе жатқанымызды көрсетеді. Сондықтан, биылғы жылдағы ыстық ауа райы алдыңғы жылдан асып түседі. Бұл Эль-Ниньоның әсері. Сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Азияның басым бөлігінде ауа температурасы 50 градустан асады деген қауіп бар.
Азияда аптап орнады
Күннің ыстығына жануарлар да шыдас берер емес. Бангладеш астанасы Даккадағы хайуанаттар дүкеніндегі жануарлар қиналып жатыр. Мұндағы сынап бағанасы 43 градустан асады. Жұмысшылар жануарларды ыстықтан аман алып қалу үшін, оларға су шашып, дүкен ішін қараңғылап, желдеткіштерді іске қосты. Олардың ас мәзірі де өзгерген. Дүкен иесінің сөзіне қарағанда, әдетте жейтін тамақтарын талғап жейтін көрінеді. Оларды үнемі бақылап отыру үшін, зоодүкен иесі жұмыс уақытын 16 сағатқа ұзартқан.
Мұхаммед Сумон, зоодүкен иесі:
- Біз жануарларды салқындату үшін қосымша желдеткіштерді күшейттік, оларға желдеткіштің астындағы тордан тыс ойнауға мүмкіндік бердік, дүкендердің ішіндегі барлық шамдарды өшірдік. Өйткені олар да тірі жан болғасын, қамқорлық керек.
Қазір енді 4 мезгілде болатын құбылыстардың орны аусып жатқанын байқаймыз. Бірқатар елдің қысы - көктем, көктемі - жаз сияқты өтті. Ал енді биылғы жаздан не күтеміз? Аяқ асты қар жауып кетпей ме?
Иә, дұрыс айтасыз. Осы сәуірдегі аптап 1940 жылдан бері болмаған. Осыған қарап, сарапшылар, климаттанушылар биылғы жаз алдыңғы жаздан да қатты ыстық болады деп болжап отыр. Өйткені, биыл Еуропада қаңтарда гүлдер ерте бүршік атты. Бір ғана мысал, халық ерте келген маусымдық аллергияға көптеп шалдықты. Өйткені оған дайын болған жоқ. Ал табиғатта тепе-теңдік бұзылып барады.
Яғни климатқа қатысты осыған дейін жасалған болжамдар дәл келіп жатыр ғой?
Иә, тек адам оған дайын емес. Мәселен, бұл тақырыпта түсірілген фильмдер, деректі фильмдер өте көп қой. Бұл да адамзатқа төнген қауіпті, визуалды тұрғыда сендірудің бір тәсілі. Яғни климатқа қатысты NASA ғарыш агенттігі болсын, БҰҰ деректері болсын, адамзатты климатқа бей-жай қарамаса екен дейді.