Тасқынның екінші толқыны болуы мүмкін
Бразилияның оңтүстігінде алапат тасқын жүрді. Соның салдарынан 8 адам опат болды.
Тағы 20-дан астам тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Бұдан бөлек, жолдар мен көпірлерді су шайып кеткен.
Жергілікті билік таратқан ақпар бойынша, табиғи апаттан жүзден аса аудан зардап шеккен. 1,5 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір 70-тен астам елді мекенде ауызсу жоқ. Кейбірінде тұрғындар жарықсыз отыр.
Фелипе Барт, полиция қызметкері:
- Тұрғындарға елді мекен аумағынан кетпеуге кеңес береміз. Себебі қауіпсіз болып көрінген жерлердің өзінде су деңгейі күрт көтеріліп кетуі мүмкін. Жолдар опырылып, жарақат алуыңыз мүмкін.
Тасқынның екінші толқыны болуы мүмкін
Кенияда тағы су тасқыны қаупі күшейді.
Себебі бұған дейін су басқан өңірлерде көп ұзамай жаңбыр жауады деген болжам бар.
Қызыл крестің дерегі бойынша, өткен айда Кенияда табиғат апаттан 180 адам көз жұмған. 90 азамат хабар-ошарсыз кеткен. Мыңдаған тұрғын баспанасынан айырылып, далада қалған. Кей аудандарда тілсіз жаудың беті әлі қайтпаған. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.