"Әл-жазира" жабылады
Қатардың "Әл-Джазира" телеарнасының Израиль аумағында хабар таратуы тоқтап, кеңселері жабылады.
Еврей елінің билігі осындай шешім қабылдаған.
Олар арна ақпаратты біржақты беріп, палестиналық ХАМАС қозғалысымен бірге жұмыс істейтінін айтады. Бірақ телекомпания өкілдері мұнымен келіспейді.
Негізі Таяу Шығыстағы шиеленіс басталғалы Газа секторында халықаралық бұқаралық ақпарат көздерінің кейбірі ғана қызметін жалғастырып келеді. Соның бірі – осы "Әл-жазира".