Голан жоталарында Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді

Мереке қарсаңында өткен тарихи іс-шара символикалық маңызға ие.

Салтанатты рәсімге миссия командирі Курмал Нирмал мен миссия құрамындағы өзге бітімгерлік контигенттердің басшылары қатысты.  Мұның өзі әскери қызметшілеріміздің әлемдік аренадағы деңгейі мен беделін арттырады. Қазір Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбіт миссиясы аясында Голан жоталарында 139 қазақстандық бітімгер жүр. Олар патрульге шығып, блок-бекеттерді күзету, жарылғыш заттарды тазарту бойынша қызмет атқарады. Жеке құрам жайғасқан штаб Фауар базасында орналасқан.